29 маусым 2015 08:19

Алматы спортклубында болған төбелестің ММА-ға қатысы жоқ - федерация

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төбелес болған сәт. ©Youtube.com кадры Төбелес болған сәт. ©Youtube.com кадры

Қазақстанның Аралас жекпе-жектер федерациясының президенті Анатолий Ким Алматы спортклубтарының бірінде атыспен аяқталған жаттығуының ММА-ға ешқандай қатысының жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның Аралас жекпе-жектер федерациясының президенті Анатолий Ким Алматы спортклубтарының бірінде атыспен аяқталған жаттығуының ММА-ға ешқандай қатысының жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Видеоға түсірілгенді ММА деп санамау керек және оның спортқа ешқандай қатысы жоқ. Бұл бейберекетсіздік, жарысқа ұқсаған әдеттегі төбелес. Кімдердің төбелескенін және бұл оқиғаның қайда болғанын біз анықтадық. Иә, роликтегі кейбір адамдардың ММА-ға қатысы бар, алайда жекпе-жек ММА ережесі бойынша болған жоқ және қандай ережемен өткені белгісіз, онда көрермен ашулы болды", - деді Ким. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласында спортшылардың жаттығу жекпе-жегі төбелеспен, кейін атыспен аяқталғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. Жазба "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде және YouTube видеохостингінде пайда болды. Пікір жазғандардың бірі оқиғаның 24 маусымда Гагарин көшесіндегі спорт залында болғанын хабарлады. Кейін Алматы қалалық ІІД өкілдері бұл деректі соталды бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелгенін хабарлады. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети