20 мамыр 2015 16:05

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің әйелі мен балалары бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті. ©Tengrinews.TV видеосының кадры Күдікті. ©Tengrinews.TV видеосының кадры

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің әйелі мен балалары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз өкілдері айтып берді. 


Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің әйелі мен балалары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз өкілдері айтып берді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Интернетте қыз балаға ер адамның тиіскені бейнеленген видео пайда болған еді. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған. 

Бұдан соң Алматы полициясы қылмыскерге іздеу жариялады. "16 мамырда Бостандық аудандық ІІБ кезекші бөліміне әйел адам арызданған, ол өзінің 10 жастағы қызына зорлау әрекеті жасалғанын айтқан. Оқиға 12 мамырда сағат 12.00 шамасында Бостандық ауданындағы үйдің кіреберісінде болыпты. Күдікті ер адамның жасы 45-50 шамасында, бет әлпеті еуропалық сипатта, орта денелі. Күдіктінің кім екенін анықтау жұмыстарына Бостандық аудандық және қалалық криминалдық полиция басқармасының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Әлеуметтік желіде педофилдың суреті жарияланды.

19 мамырда Алматы ІІД күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети