20 мамыр 2015 11:23

Алматыда 10 жастағы қызды зорламақ болған педофил 5 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жанна Сапарова ©Жанна Сапарова

Алматыда 10 жастағы қызға сексуалдық мәндегі әрекет жасау бойынша айыпталып отырған күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Новости Казахстан" қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 10 жастағы қызға сексуалдық мәндегі әрекет жасау бойынша айыпталып отырған күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Новости Казахстан" қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның үйін қарау кезінде осы қылмысты жасаған кезде киген киімі тәркіленді. Бұл дерек Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 124-бабы бойынша тіркелді", - делінген хабарламада. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Интернетте қыз балаға ер адамның тиіскені бейнеленген видео пайда болған еді. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған. 

Бұдан соң Алматы полициясы қылмыскерге іздеу жариялады. "16 мамырда Бостандық аудандық ІІБ кезекші бөліміне әйел адам арызданған, ол өзінің 10 жастағы қызына зорлау әрекеті жасалғанын айтқан. Оқиға 12 мамырда сағат 12.00 шамасында Бостандық ауданындағы үйдің кіреберісінде болыпты. Күдікті ер адамның жасы 45-50 шамасында, бет әлпеті еуропалық сипатта, орта денелі. Күдіктінің кім екенін анықтау жұмыстарына Бостандық аудандық және қалалық криминалдық полиция басқармасының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Әлеуметтік желіде педофилдың суреті жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети