21 қазан 2015 20:31

Алматыда арақ ішіп, сәбиді басып өлтірген жүргізуші әйелдер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төрт айлық сәбиді көлікпен басып өлтірген Айгүл Есембаева мен Заира Серікбаеваға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Серікбаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша айыпты деп танылып, қоныс колониясына үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Есембаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Жүргізу құқығы жоқ адамдарға көлік құралдарын жүргізуге беру" бабы бойынша айыпты деп танылды, ол қоныс колониясына 2 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Қорытынды сөзінде Айгүл Есембаева мен Заира Серікбаева өз кінәларын толықтай мойындайтындығын мәлімдеді. "Өзімді қорғауға айтар сөзім жоқ. Қатты қорқынышты және қаза болған сәбидің ата-анасына қарай алмаймын. Өзім үш баланың анасымын және басымда осындай қайғылы оқиға болды. Қолдарыңыздан келсе кешіріңіздерші. Сәбидің ата-анасына айтқым келеді. Өз кінәмді мойындаймын және толықтай өкінемін", - деді Есембаева.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2 мамырда түнгі уақытта "Қалқаман" ықшамауданында болды. 34 жастағы жергілікті тұрғын Toyota RAV4 маркалы көлігімен Лапин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады, кейін қозғалысын жалғастырып екі жаяуды қағады: 15 жастағы қыз бен балаарбадағы төрт айлық сәбиді қағады. Сәби оқиға орнында қаза тапты, 15 жастағы қыз аяғы сынып, Бірінші балалар ауруханасына жатқызылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети