04 мамыр 2015 10:46

Алматыда ардагерді ұрып-соққан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерін ұрып-соққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ардагерді ұрған ер адам 32 жастағы алматылық болып шықты. Еске салайық, оқиға 23 сәуірде Достық даңғылының бойындағы үй аулаларының бірінде болды. 


Алматы қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерін ұрып-соққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ардагерді ұрған ер адам 32 жастағы алматылық болып шықты. Еске салайық, оқиға 23 сәуірде Достық даңғылының бойындағы үй аулаларының бірінде болды. 

"Осы дерекке байланысты біздің бөлімшенің тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. Ал шабуылдаушының аты-жөнін анықтау және оны ұстау бойынша шараларды криминалдық полиция қызметкерлері жүргізді", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сонымен қатар, ішкі істер басқармасының Медеу аудандық полициясының басшысы Ерлан Оралбековтың айтуынша, бұл дерек "Қауіпсіз аула" бағдарламасының аясында аулалардың біріне орнатылған камераға түсіп қалған. Шабуылдаушының түр-тұлғасы анық көрінбеген. Бірақ күдікті жедел ұсталды. 

"Қылмыскердің анықталып, ұсталғанына қуаныштымыз. Қатысқан барлық полицейге алғыс білдіремін", - деді ардагер Николай Яковлевичтің қызы Ирина Зуева. Полиция өкілдерінің айтуынша, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-тармағының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қарастырылған.

Еске салайық, осыған дейін Желіде Алматыдағы ҰОС ардагері Николай Хохловтың соққыға жығылғаны бейнеленген видео пайда болған еді. Роликте зейнеткерге бір ер адамның жақындап келіп, қабын тартып алып жатқаны және ұрғаны бейнеленген. 89 жастағы ардагердің қызы Ирина Зуеваның айтуынша, оқиға 23 сәуірде күндіз болды. ҰОС ардагері ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның жарақатын тігіп берді. "Оның басы жарақаттанды, қабырғасы зақымданды. Көзі ісінген. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр. Әкем болған оқиғадан әлі абдырап жатыр, ал құлаған сәті есінде жоқ", - деді Зуева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети