17 мамыр 2017 10:38

Алматыда балаға таласқан ерлі-зайыпты арасындағы жанжал: Gelandewagen көлігімен жасырынғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері битамен соққы жасаған ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері битамен соққы жасаған ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 12 мамырда Алматыда ерлі-зайыпты балаға таласып, жанжал шығарған болатын. Ажырасып кеткен әйел адам бұрынғы күйеуінен баласын тартып алмақшы болған. Салдарынан ер адам ауруханға түскені жайлы хабарланған болатын.

"27 жастағы ер адам жайлы. Ол қарсыласына дене жарақаттарын жасады. Сондай-ақ, осы оқиғаға қатысы бар 1999 жылғы жасөспірім анықталды. Жедел-тергеу шаралары барысында ер адамдардың өздерінің туысының мүддесін қорғамақшы болғаны белгілі болды", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Жанжалға бұрынғы ерлі-зайыптының 10 жастағы баласы себеп болған. Ол ұзақ уақыт бойы әкесімен бірге тұрған екен. Ата-аналар осы күнге дейін баланың кіммен болатынын шеше алмаған. Ал осыған дейін баланың анасының екі ер адаммен бірге ұлын алып кету үшін қара түсті және нөмірі жоқ Mercedes Gеlendwagen келген екен.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі өндіріс барысында сот-медициналық сараптама тағайындалады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

"Екі ер адам да ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяуда оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады", - деді Әуезов аудандық ІІБ тергеу шараларының басшысы Бахыт Қасабеков.

Сондай-ақ, полицияның аудандық бөлімшесіндегілер күдіктілердің Gelandewagen маркалы машинамен оқиға орнынан жасырынғанын айтып өтті. Көлік тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық істің материалдарына қоса тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети