13 сәуір 2016 16:10

Алматыда жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан ер адамға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Наурызбай аудандық сотында жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсембаевты ұрып-соғу ісі бойынша айыпталушыға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Сотталушы орындығында 39 жастағы Рифхат Базикенов отыр. Ол кінәсін ішінара мойындағанымен, дәрігердің басынан кірпішпен ұрмағанын айтты.

Сот ер адамға бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ол "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, сот сотталушыдан жәбірленуші дәрігердің емі үшін 574 мың теңге өндіруді міндеттеді.

Наркескен Сейсембаев. © Tengrinews.kz.

Еске салайық, оқиға оқиға 26 қарашаға қараған түні Наурызбай ауданының жеке секторында болған еді. Ішімдік ішкен ер адам дәрігердің басынан ұрған. 26 жастағы дәрігер Наркескен Сейсембаев осыдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Кейін Наркескен Сейсембаевтың өмір бойы дәрігерлердің қарауында болатыны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети