27 наурыз 2015 10:52

Алматыда жол апатына түскен көліктен әмиян ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда жол апатына түскен көліктен әмиян ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты бүгін, 27 наурызда түнгі сағат 02.00 шамасында болды.

Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қалқаман ықшамауданында болған. Шаляпин көшесімен батыс бағытқа қарай бет алған Toyota автокөлігі Әуезов көшесімен "Т" тәріздес қиылысқа келгенде жүргізуші бұрылмастан, тура өте шыққан. Соның салдарынан бетон қоршауға соғылып, 3 адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді ауруханаға алып кеткен кезде өтіп бара жатқан белгісіз біреу автокөліктің салонын тінтіп, әмиянды алып кеткен. Мұны көрген адамдар оны ұстамақ болғанымен, қуып жете алмаған. Бірақ олар болған жайды патрульдік полиция экипажына хабарлап, ұры 15 минуттың ішінде ұсталды. Ұрыны тексеру барысында көліктің техникалық төлқұжаты мен жүргізушінің куәлігі бар әмиян табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети