09 ақпан 2015 10:04

Алматыда жолаушы таксистің көлігін айдап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ru.tsn.ua ©ru.tsn.ua

Өткен демалыс күндері Алматы полицейлері екі көлік ұрлығының бетін ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өткен демалыс күндері Алматы полицейлері екі көлік ұрлығының бетін ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстардың бірі Әуезов ауданында болды. Полицейлердің айтуынша, жолаушы тасымалдаумен жеке айналысатын тұрғын сақтық танытпай, көлігінен айырылып қалды. "Nissan Primera иесінің жеке тасымалмен айналысып жүріп, белгісіз бір ер адамды Жандосов және Саин көшелерінің қиылысына апарып тастауға жалданған. Ер адамдар баға жөнінде өзара келіскен, бірақ ақы төлейтін кезде жүргізушінің қайтаратын ақшасы болмаған. Сол кезде тасымалдаушы ақшаны ұсақтау үшін көлігін кілті қосылған күйі тастап, жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне кетіп қалады. Қайтып келген кезде көлігі де, жолаушысы да болмаған", - дейді Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы жол-патруль полкы командирі Айтжан Әлмұханбетов. 

Бірнеше минуттан соң шағым бойынша қалалық полицияның барлық сыртқы және кешенді күші жоғалған көліктің соңына түсті. Қалада "Аулау" жоспары жарияланды. "Боран-008" жасағының патруль экипажы аталған машинаны Мақатаев және Шәріпов көшелерінің қиылысынан байқайды. Күдікті адам тәртіп сақшыларына бірден бағынбаған. Ол жаяу қашып кетіп, тұрғын үй аулаларының бірінде джиптің астына тығылады. Полицейлер оны бірден тапты. Дәрігер наркологтар күдіктінің сол кезде мас болғанын анықтады. 

Екінші жағдайда Mercedes көлігі ұрланды. Бір әйел машинасын Солтүстік айналым көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге қалдырған. Кейін оны таппай қалады. "Боран-302" жасағы құны 600 мың теңге деп бағаланған көлікті қылмыс орнынан алыс емес жерден - май құю бекеті маңынан тапты. "Рульде автошеберхананың 33 жастағы слесарі отырды. Ер адамның полицейлерге ұсталғанынан бұрын жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Бұл екі дерек бойынша аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық істер қозғады", - дейді Әлмұханбетов. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети