20 шілде 2016 14:14

Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған абақты қызметкері 2 айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған абақтының қызметкері 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған абақтының қызметкері 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы қалалық Медеу аудандық № 2 соты қамалған әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған абақтының қызметкеріне қатысты  "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" мен "Зорлау" баптары бойынша қамауға алды. Аудандық сот ұсталған Х.Р есімді азаматты екі айға қамауға алу туралы шешімді қабылдады", - деді соттағылар.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.

Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақтының қызметкері ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети