07 сәуір 2014 20:01

Алматыда қарумен ұсталғандардың біреуі ғана қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ ©СТВ

Алматылық полицейлер қала көшелерімен қару алып жүрген Nissan Cefiro автокөлігінің төрт жолаушысын босатып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал көліктің 1988 жылғы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер қаруды қайдан алғанын түсіндіріп бере алмаған. "Ол тек барлық қаруды жуырда тауып алғанын, жүксалғышына салып алып, кейін полицияға тапсыруды жоспарлағанын айтты", - дейді ІДД мамандары. Көлік жүргізушісінің үстінен қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Полицейлердің мәліметінше, қазір қарудың қолданылған-қолданылмағаны анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, құжаттарын тексермек болған. Сол кезде көліктен "Сайга" карабині мен үш травматикалық тапанша кездейсоқ табылды. 

Еске салайық, Nissan Cefiro көлігін мінген бес адамды полицейлер 6 сәуір күні ұстаған болатын. Алғашқыда көлікте "Калашников" автоматы мен оқ толы қорабы бар үш тапанша табылғаны айтылған еді. Полицияның мәліметінше, әуелі оқиға орнында 15-20 адамнан тұратын топ болған, кейін көбі қашып кетіп, бесеуі қолға түсті. Ұсталғандар бұрын сотталмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети