18 наурыз 2014 12:25

Алматыда қарызға алған көлігін қайта сататын алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ ©СТВ

Алматыда автокөлікті құнын бөліп төлеймін деп сатып алып, кейін оны басқа біреуге қайта сататын алаяқ ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап. 1989 жылы туған жігітті полицейлер Бостандық ауданында қолға түсірді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында әрекет еткен. Сатуға қойылған автокөліктерді тауып, қожайынына оның құнын бөліп төлеуге ұсыныс айтатын болған. Алғашқы жарна ретінде мың долларды ұстатып, машинаны алып кетеді де, жалған құжаттар жасап, көлікті келесі біреуге сатып жіберуді дағдыға айналдырған. Полицейлер көлік қожайындарын осылай сазға отырғызудың төрт эпизодын дәлелдеді. Бірақ алаяқ бір қылмысын ғана мойындап отыр. Қазір Алматыда алаяққа алданғандар іздестіріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети