08 желтоқсан 2015 09:58

Алматыда ҚазҰТУ студентін өлтірді делінген күдікті екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда ҚазҰТУ студентін өлтірді делінген күдікті екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды КТК.


Алматыда ҚазҰТУ студентін өлтірді делінген күдікті екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды КТК.

Телеарна мәліметінше, 23 жастағы жігіт қаулыға әлі де шағым түсіре алады. Еске сала кетейік, оқиға Алматыда бір апта бұрын болған еді. ҚазҰТУ-дың бас корпусынан Самұрат Жақсылықовтың денесі табылды.

Бұған дейін оқиғаның екі студент арасындағы төбелес салдарынан болғаны хабарланды. Диплом алғалы жатқан жігіттер аудиториядағы бір компьютерге таласып қалған. Самұрат пышақ жарақатынан қаза тапты.

Айта кетейік, осы іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қамауға алынған студенттің кінәсі дәлелденсе, ол 8-15 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети