26 қаңтар 2017 22:32

Алматыда өгей ұлын өлтірді деген әйелге енесі өлім жазасын талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есімбекова. © КТК кадры Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есімбекова. © КТК кадры

Алматыда 11 жасар Өркен Азаматұлын буындырып, артынша денесін жертөлеге көмген әйелге енесі өлім жазасын сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Алматыда 11 жасар Өркен Азаматұлын буындырып, артынша денесін жертөлеге көмген әйелге енесі өлім жазасын сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Әжесінің айтуынша, Өркенді өгей шешесі жұртпен бірге іздеген болып үш күн бойы үндемей жүрген. Десе де, баланы өлтірді деген күдікпен қамалған әйел де, оның сыбайластары да кінәсін мойындап отырған жоқ. Өзі мәпелеп бағып-қағып отырған немересінен айырылған Бағдагүл Есімбекова енді келініне ату жазасын сұрамақ.

"Халық не айтып жатыр мен білмеймін, қандай кешірім? Кешірім тұрмақ оны түрмеде шірісін деп Алладан тілеймін! Алла жазасын берсін! Ешқандай кешірім жоқ!", - деді Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есімбекова.

Өгей шешенің қолынан өлген Өркен 1 жас 4 айында-ақ отбасыға жарымаған екен. Сол кезде әке-шешесі ажырасып, баланы нағашылары қолына алған. Одан кейін анасы тұрмысқа шығатын боп, 8 жасында әкесіне әкеліп тастапты. Десе де, әкесінің басқа отбасы болуына байланысты бала әжесімен бірге тұрған. Ата-анасыз өскен Өркен өте алғыр болған екен. Математикадан түрлі жарыстарға қатысып, шахмат ойнаудан да алдына жан салмапты.         

Жантүршігерлік қылмыс өткен аптада болған еді. Күйеуі тастап кеткен алматылық келіншек өшін ұлдан алған. Өркенді өлтірді деген күдікпен оның қос бірдей өгей бауыры мен тағы екі адам да қамауда отыр. Ал, бейкүнә бала осы айдың 28-і күні шахматтан үлкен жарысқа қатысуы тиіс болған екен. (Дереккөз: КТК

Ал осыған дейін прокуратура өкілдері баланы өлтіруге не себеп болғанын айтқан еді. "Баланы өлтіруді ұйымдастыруға себеп - Шәрипа Ақбердиеваның енесі Есібекованы жақтырмауы", - деген еді прокуратура өкілдері. 

Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Ал осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.

Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 125-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети