24 ақпан 2016 15:31

Алматыда өлтірілген ҚазҰТУ студентінің досы оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты қылмыстық істің соты жалғасып жатыр. Сот тексерісінің екінші кезеңінде оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орындығында Тілек Текішев отыр, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты қылмыстық істің соты жалғасып жатыр. Сот тексерісінің екінші кезеңінде оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы орындығында Тілек Текішев отыр, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Істің куәгері, жарақат алған Жақсылықовты тауып алғандардың бірі, онымен бірге оқитын Бағдәулет Исламбеков оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Жас жігіт жанжалдың неден басталғанын білмегенін мәлімдеді. "Сол күні түскі уақытта кітапханаға кірдім. Бос орынға отырған бойда залдан Тілектің, оның артынан Самұраттың шығып келе жатқанын көрдім. Есікке жақындап қалған кезде Тілектің артына қарап Самұратқа бірдеңе деп сөйлегенін байқадым. Бұрын-соңды олардың араласпайтынын білетінмін. Орнымда біраз отырғаннан кейін олардың ерегесіп қалғанын ұқтым да, іздерінен дереу шықтым", - деді куәгер сот барысында.

Дәлізден жігіттерді байқамаған Исламбеков оларды іздей бастайды. Осы кезде баспалдақтың жанында олардың Әлихан есімді тағы бір досы телефонмен сөйлесіп тұрады. Ол екі жігіттің әжетхана жаққа қарай кеткенін айтқан. Сонда кірген Исламбеков аяғын ұстап жүгіріп шыққан Самұратты көреді. Марқұм студент Текішевтің пышақ сұққанын айтқан.

"Қолында пышағы бар Текішев маған қарай бір-екі қадам жасады. Мен Тілекке есіңді жина дедім. Осыдан кейін Тілек өзіне келе бастады. Самұратқа қарай бардым, артымнан Тілек келді. Самұрат Тілекке қарап: "Жындысың ба? Неге пышақ тықтың?", - деді. Тілек оған: "Мен саған жаман болатынын айттым ғой. Ерегеспей-ақ қояйық деп ескерттім" деп жауап берді", - деді қаза тапқан студенттің досы.

Осыдан кейін Исламбеков жедел жәрдем шақыруға ұсыныс жасаған. Бұл кезде Самұрат есін білетін еді. Тілек "Шу шығармайық, өзім шешемін бұл мәселені" деген. Бірақ Самұрат кенеттен есін жоғалтады. Осыдан кейін Исламбеков Текішевке жедел жәрдем шақыруды тапсырып, өзі медпунктке қарай жүгірген. "Дәрігерлер оған көмектесуге тырысты, бірақ олар келгенше қанның ағуы тоқтады, тамыр соғысы да тоқтап қалған еді", - деді Бағдәулет Исламбеков.

Еске салайық, тергеу мәліметінше, оқиға 2015 жылдың 30 қарашасында түскі сағат 13.00 шамасында болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети