23 мамыр 2017 17:55

Алматыда полицейге соққы жасаған жүргізуші шартты жазаға тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмат Шәймерден . Алмат Шәймерден .

Алматыда полицейге шабуыл жасаған әкімдіктің экс-қызметкері 1,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полицейге шабуыл жасаған әкімдіктің экс-қызметкері 1,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Алмалы аудандық сотында полицейге шабуыл жасаған әкімдіктің экс-қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды. Сот судья Қуаныш Әріповтің төрағалығымен өтіп жатыр. Сот алдына Алмат Шәймерден келді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау"), 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") және 380-бабы  ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша айыпталып жатыр.

"Біз Жароков көшесінде батыс бағытта күзетте жүрдік. Жоғары жылдамдықпен жүріп өткен Toyota маркалы автокөлікті байқадық. Содан мен оны бірден тоқтата бастадым, бірақ ол тоқтамады. Соңынан жүрдім, арнайы дабылды да қостым, нәтижесінде ол жолдың жиегіне шығып кетіп тоқтады. Жароков -Шевченко көшесіне келгенде жүргізуші артқа қарай жүріп кетіп, жол апатын жасады. Осы сәтте біз оны ұстадық. Ол мас күйде болды. Сосын ол бізге қарсылық көрсетті, ал қалғанын видеодан көруге болады. Сондай-ақ, ер адам сараптамадан бас тартты. Меніңше, мас жүргізуші - ол қылмыскер. Ол менің бетімнен ұрып жіберді. Заңға сәйкес жауап берсін", - деді зардап шеккен полицей Нұрлан Айнабаев.

Алайда сотталушы Алмат Шәймерден полицейдің түсініктемесімен келіспеді. Ер адамның айтуынша, ол полицейдің көлікті тоқтату туралы талабын естіген жоқ.

"Мен Жароков көшесімен солтүстік бағытта келе жаттым. Абай көшесінен өтіп, Шевченкоға жетіп қалғанда қызыл түске тоқтадым. Осы кезде полицейлердің менің жолымды жауып қалды. Көлікте музыкамен отырдым, сондықтан арнайы дабылдарды естімедім. Қызыл түске ары қарай жүре беру ойда болған жоқ, қашып кету туралы ой да болған жоқ. 60 шақырым жылдамдықпен келе жаттым. (...) Полиция мені ұстаған соң мен шамамен жарты сағат немесе бір сағат бойы қарсылық көрсеттім. Содан кейін тағы да біраз уақыт сөйлесіп тұрдық. (…) Олар да балағат сөздер айтты. Ары қарай видеодан көре аласыздар. Менің намысыма тиді", - деді бұрынғы шенеунік.

Алмат Шәймерден ұсталған соң бір тәулік уақытша қамау изоляторында болды. Тараптарды қатар тыңдау кезінде ол полицейден осы әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Зардап шеккен тараптан кешірім сұраймын. Істеген ісіме өкінемін. Кінәмді мойындаймын. Соттан маған айыппұл салуын сұраймын", - деді шенеунік. Полицей де экс-шенеуніктің жазадан тек айыппұл төлеп құтылуына келісті.

Осылайша, мемлекеттік айыптаушы соттан оны 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Судья Қуаныш Әріпов кеңес бөлмесіне кетті.

Еске салайық, оқиғаның видеосы 3 мамырда пайда болған еді. Видео кадрларынан ер адамның полицейге жақындап келіп, шірене соққы жасағаны көрінеді. Алайда тәртіп сақшысы қарап тұрмай, оған қайтара жұдырықпен соққы жасайды. Кейін ер адам "Кім сені ұрды?" деп сұрайды. Осыдан кейін полицейлер жүргізушіні ұстайды.

Ал кейінірек полицейге шабуыл жасаған жүргізушінің әкімдікте қызмет еткені хабарланған еді. Басылымның мәліметінше, полицейлерден қашып, кейін жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші полиция қызметкеріне жүргізуші куәлігін көрсетудің орнына әкімдік қызметкерінің куәлігін көрсетіп, қорқытқан. Әкімдік қызметкерінің куәлігінде құжаттың Алматы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатту пайдалануды реттеу басқармасының атынан Алмат Шәймерденнің атына берілгені жазылған. Ол ұрып-соғамын деп қорқытқан және полиция қызметінен жұмыстан шығартатынын айтумен болған. Осыдан кейін полицейге жұдырық ала жүгірген.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети