20 ақпан 2014 22:05

Алматыда сәбиді 150 мың теңгеге саудалағандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда жаңа туған нәрестені саудаға салғандар жеті жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бала сату дерегі 2013 жылдың маусым айында тіркелген. Прокурорлардың мәліметінше, жүкті Исаева құрсақтағы сәбиін босанғаннан кейін оны сатып жіберіп, көп ақшаға кенелуді ойластырған. Сөйтіп, ол бала асырап алуы мүмкін адамдарды іздестіре бастайды, ақыры баласы жоқ бір отбасыны жолықтырады. Нәрестесінің құнын 150 мың теңге деп белгілейді. Алатау аудандық сотының үкімімен Исаева мен оның клиенттері ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабының 2-бөлігі, "а" тармағы бойынша айыпты деп танылды. Олардың әрқайсысына жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, оның үш жылы - сынақ мерзімі. Сот үкімі күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети