02 маусым 2015 07:37

Алматыда түнгі клубтағы төбелеске қатысушыға абайсызда кісі өлтіру бойынша айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Чукотка" барында болған төбелестен кейін ұсталған Александр Кузнецовқа ҚР ҚК 104-бабы, 1-бөлімі, яғни "Абайсызда кісі өлтіру" бойынша айып тағылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне редакцияға келіп түскен айыптау актінен белгілі болды.


Алматыда "Чукотка" барында болған төбелестен кейін ұсталған Александр Кузнецовқа ҚР ҚК 104-бабы, 1-бөлімі, яғни "Абайсызда кісі өлтіру" бойынша айып тағылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне редакцияға келіп түскен айыптау актінен белгілі болды.

Бұл бапта жаза ретінде үш жылға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде 6 наурызда Кузнецовтың екі досымен бірге "Чукотка" барында болғаны, бірақ алкоголь сусындарын ішпегені анықталды. Шамамен түнгі екіде шылым шегу бөлмесінде Кузнецов пен оның достарына мас күйде Сырым Мұратқалиев пен Евгений Фролов жақындайды. Мұратқалиев бойы мен дене бітіміне қарамастан, олардың қайсысын болса да ұрып жыға алатынын мәлімдейді. Фролов болса оны белсенді әрекет жасауға айдап салды.

Жанжалдың шығайын деп жатқанын көрген күзетші жастардың далаға шығып, әңгімесін сол жақта жалғастыруды өтінеді. 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта, бар маңында Фролов "Кузнецовты себепсіз тебе бастайды, сонымен қатар жұдырығымен бетіне соққы жасайды". Ол Мұратқалиевті төбелеске айдап салады, оның қолындағы пышақта көргеннен кейін "Сделай его" деп айғайлайды. 

Мұратқалиев пышақты сілтеп, Кузнецовтың саусағын кеседі. Кузнецов оның қолында пышақтың бар екенін достарына айтып, полция шақыруларын сұрайды. Бойының биіктігіне және мығым дене бітіміне қарамастан, Мұратқалиевті қол созым жерде ұстап тұрған. "Шыққан жанжалда өзінің күшін және соққысын есептемей, қылмыстық құқықбұзушылық жасауға бағытталған әрекетке ниеті болмаған күйі, қаскөйлік ойсыз, Мұратқалиевтің бетіне үш рет соққы жасайды", - делінген актіде. 

Салдарынан Мұратқалиев жерге құлайды, өз бойының биіктігінен тас жолға желкесімен құлап түседі. Кузнецов Фроловты да құлатып, оны ұруға ұмтылады, содан кейін қозғалмай жатқан Мұратқалиевке барып, көмек көрсетуге талпынады. Бірақ ол оқиға орнында қаза тапты.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, Мұратқалиевтің өлімі жабық бассүйек-ми жарақатынан, желке сүйегінің сынуынан болды. Қаза тапқан ер адамның денесінен жұдырықпен жасалған соққыдан болған жарақат табылды, "бассүйек ми жарақаты емес, әдетте тірі адамдарда денсаулығының нашарлауының мерзіміне байланысты болады". "Бұл жарақаттар немесе олардың бір бөлігі зардап шеккен адамның құлауын тездетуі және тегіс жерге құлауына әсер етуі мүмкін, бірақ өлімнің келуіне тікелей байланыста болмаған", - делінген актіде. Мұратқалиевтің бұл кезде орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Кузнецовтың денесінде куәландыру кезінде жақ, саусақ бөліктерінде қанаған жерлер, оң саусағында көгерген іздер анықталды. Бұл жарақаттар жұдырықпен жасалған соққыдан келген және пышақтаудан болған іздер. "Кузнецовтың көрсетілген жарақаттары іс жағдайын көрсетеді және оған қатысты бұзақылық әрекеттердің жасалғанын растайды және Кузнецовтың өзін-өзі қорғау кезіндегі әрекетінің салдарында абайсызда кісі өлтіруге жол бергенін көрсетеді", - делінген актіде. Кузнецовқа қатысты қылмыстық жауапкершілігі мен жазасының жеңілдететін мән екені немесе ауырлататын мән екені анықталмады.  

Қылмыстық іс Медеу аудандық прокурорына танысып, қажетті орынға жолдау үшін жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети