29 маусым 2017 15:59

Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінен шамамен 65 миллион теңге тоналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД өкілдері 27 маусымда Сәтбаев көшесі, №27 үйде орналасқан "Альфа банк" бөлімшесінен қанша қаражаттың тоналғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық ІІД өкілдері 27 маусымда Сәтбаев көшесі, №27 үйде орналасқан "Альфа банк" бөлімшесінен қанша қаражаттың тоналғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ірі көлемдегі қаражат тоналды, шамамен 65 миллион теңге", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Полициядағылар тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтерді айтпады.

Осыған дейін прокуратура Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінің тоналғанын растаған болатын. "Альфа Банк" ресми түрде зардап шегіп отыр. Тонау дерегін аудандық прокуратура өз бақылауына алды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деген еді Бостандық ауданының прокуратура өкілдері.

Еске сала кетейік, 28 маусымда Алматы қалалық ІІД өкілдері екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растаған болатын. Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды. Ұрылар ірі көлемде қаражатты алып кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети