13 қараша 2017 11:23

Алматыдағы арнайы операцияға қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полициядағылар Алматыдағы арнайы операцияға қатысты жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полициядағылар Алматыдағы арнайы операцияға қатысты жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 12 қарашасында шамамен сағат 23.00-де Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылғы тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленді.

"Екі күдіктінің де осыған дейін қару, есірткі сақтағаны үшін және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел-тергеу шаралары барысында қарудың қандай мақсатта сақталып, тасымалданбақшы болғаны, сондай-ақ, олардың Алматы аумағында және республика бойынша тағы қандай қылмыстарға қатысы бар екені анықталатын болады", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы арнайы операция жүргізіліп, екі адамның ұсталғаны жайлы хабарланған болатын. Куәгерлер қалада атыс болғаны жайлы хабарлап, оқиға орнынан суреттер мен видеолар жариялаған еді.


© Куәгерлер жолдаған суреттер

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети