12 ақпан 2015 12:53

Анасын өлтіргені үшін Атырау облысының тұрғыны 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Атырау облысы Ақтоғай ауылының тұрғыны анасын өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Үкімді Махамбет аудандық сотының судьясы шығарды. Айыпты "Адам өліміне соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотталды.

Оқиға 2014 жылдың қараша айында болды. Ақтоғай ауылының тұрғыны мас күйде үйіне келіп, өз анасын көргеннен кейін оны ұрып, тепкілеген. Сонымен бірге, ол анасын қабырға сағатымен сабаған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот шешімі заңды күшіне енді.  

2014 жылдың шілде айында Семей тұрғыны да анасын өлтіріп, сотталған болатын. Ол қатал режимдегі түзету колониясына 10 жылға қамалған еді. Мұнда да оқиғаның ішімдіктің салдарынан болғаны анықталды. Баласы мас күйде жатқан анасына ескерту жасаған. Шешесі болса, боқтық сөз айтады. "Бұдан кейін ол анасының үстіне шығып алып, мойнынан қылғындыра бастап, екінші қолымен соққы жасай берген. Оқиға салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети