25 сәуір 2023 09:38

"АрселорМиттал Теміртау" заңгері өлімінің қызметіне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысының полицейлері "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру дерегінің қызметіне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


Қарағанды ​​облысының полицейлері "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру дерегінің қызметіне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Адвокаттың мәйіті пышақ жарақаттарымен өртеніп жатқан пәтерден табылды. Оның көршілері 54 жастағы әйелдің денесі қалай табылғаны туралы мәлімет берді.

"Оны алып шыққанда, қан көрмедім, ол бозарып жатты. Өте жақсы адам, мейрімді әйел. Ол жануарларды өте жақсы көретін, көмектесетін", - дейді көршісі Галина Ивановна.

Көршілердің айтуынша, түскі уақытта өрт шыққан кезде олар құтқарушыларды шақырған. Тұрғындар эвакуацияланып, үй иесі жанып жатқан пәтерден шығарылған кезде оның денесінен бірнеше пышақ жарақаттары табылған.

Көршілері ол бірнеше жыл бұрын жесір қалғаннан бері жалғыз тұратынын айтқан. Ол тыныш болған, оқиға болған күні де пәтерден ешқандай шу естілмеген.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өкілдері де марқұмның жақындарына көңіл айтты. Олардың айтуынша, Ирина компанияда 15 жыл еңбек қатынастары бөлімінде, заңгерлік қызметте жұмыс істеген. Қазір полиция Ирина Эмді өлтіру дерегінің жұмысына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Шахтинск қаласындағы өрттен кейін зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар мәйітті табу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни "Адам өлтіру". Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" адвокатының мәйіті 23 сәуірде өртенген пәтерден табылған болатын. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети