10 қазан 2014 20:29

Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов  Фото © Тұрар Қазанғапов

Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы екі әйел мен бір ер адамды алаяқтық бойынша айыптап, осы қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізуде. "Нармағамбетова, Аманова және Байжанов деген азаматтар адамдардың сеніміне кіріп, оларды "Мемлекеттік бағдарлама" бойынша үй алуға көмектесеміз деп алдап, қомақты қаржысын алып кеткен", - дейді Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері. 

Қазіргі таңда айыпталушылар тергеу изоляторында отыр. Бүгінде астана ІІД-не 29 жәбірленуші арыз берген. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан полиция алаяқтардың суретін жариялап отыр. 

Астана қаласы Ішкі істер департаменті алаяқтарға алданған барлық адамдардың ІІД мекен жайына хабарласуын сұрайды. Бейбітшілік көшесі 19, 341, 343-бөлме. Телефон нөмірлері: 71-60-10, 71-62-26, 71-62-36,71-60-58. Ұялы тел.: 8 778-46-15-734, 8 701-720-44-53.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети