07 қаңтар 2015 11:09

Астанада бір жігіт 70 қаздың еті тиелген көлікті ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Астанада бір жігіт 70 қаздың еті тиелген Nissan автокөлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада бір жігіт 70 қаздың еті тиелген Nissan автокөлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы аудандық ішкі істер бөліміне Петропавл қаласының тұрғыны шағымданған. Ол Астанадағы туыстарына қонаққа келіпті. Шағымданушының айтуынша, түнде туыстарының үйінің ауласына қойылған автокөлігін белгісіз біреу айдап әкеткен. Машинада жеке заттарымен бірге 70 қаздың еті болған. Петропавл тұрғыны оны Астанаға сатуға алып келген.  

Іздестіру шаралары барысында полицейлер көлік ұрлаған адамды ұстады. Астананың 23 жастағы тұрғыны қылмысын мойындады. Сөзіне қарағанда, машинаның жүксалғышындағы қаздардың еті оған күтпеген сый болған. Ұрланған көлікті жасырғаннан кейін жігіт "мерекелік сыйды" таныстары мен достарына үлестіріп беріпті. 70 қаздан төртеуі ғана қалған.

Қазіргі уақытта машина иесіне қайтарылды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақмола облысында 16 жастағы жасөспірімнің бір түнде үш автокөлікті ұрлап әкеткені хабарланған еді. Ақмол ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны 5 қаңтарға қараған түні жерлестерінің Volkswagen Passat, Volkswagen Vento және Nissan Primera автокөліктерін айдап әкеткен. Бұған қоса, бозбала тұрғындардың бірінің Mazda Tribute көлігінен ақша да жымқырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети