29 мамыр 2015 22:49

Астанада бір топ жас полицейлерге жұдырық ала жүгірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"КТК" кадры ©"КТК" кадры

Астанада полицейлермен жаға жыртысып, артынан қашып кеткен бір топ жігіттің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Астанада полицейлермен жаға жыртысып, артынан қашып кеткен бір топ жігіттің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, даудың басы сол жігіттердің аула ішінде сыра ішіп, би билеуінен басталған. Қымбат көлігінің есік терезесін ашып, музыканы бар дауысына қойғандардың ісі маңайдағы тұрғындарға ұнамаса керек, бірі тәртіп сақшыларын шақыртып, болған жайтты ұялы телефонына түсіріп алды.

Артынан қаланың қақ ортасында қоғамдық тәртіпті елемей көңіл көтергендерді полиция келіп жөнге салмақ болады. Алайда, масайған жігіттер тәртіп сақшыларының өзіне жұдырық ала жүгірген. Артынан полицейдің бірі көзден жас шығаратын газды шашып сотқарларды әрең тоқтатты. Десе де, бөлімшеге барғысы келмеген жігіттер қымбат қара джипке отырып алып оқиға орынынан қашып кеткен. Бұзақыларды тәртіп сақшылары қаланы айналдыра қуып жүріп, ақыры ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети