22 сәуір 2015 12:10

Астанада ерлі-зайыпты өз балаcын автокөлікке айырбастағысы келгені үшін сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астаналық ерлі-зайыпты өз балаларын автокөлікке айырбастамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот залынан.


Астаналық ерлі-зайыпты өз балаларын автокөлікке айырбастамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот залынан.

Айыпталып жатқан Любовь Түкенова мен Аманбек Түкеновтың тоғыз және төрт жастағы екі баласы бар. Осы жылдың қаңтар айында дүниеге келген үшінші баласын олар автокөлікке айырбастамақ болды. Ерлі-зайыпты бұл ойларын Астана қаласында іске асырғысы келген. Айыпталушылар - Өзбекстан тумалары, Астана қаласында тұрады. Сот барысында олар өз кінәларын мойындады.

"Астанада тұратын некедегі Түкенов Аманбек Амантайұлы мен Түкенова Любовь Александровна алдын-ала келісім бойынша өз балаларын сатып жібермек болды", - деді прокурор Кристина Ким.

Оның айтуынша, сотталушылар ҚР ҚК 135-бабының 2-тармағы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған баланы бөтен мақсатта пайдаланғаны үшін кінәлі деп табылды.

Айта кетейік, 2015 жылдың қаңтарында Астана ІІД қылмысқа қарсы күрес бөлімі ерлі-зайыптының өз баласын Toyota Camry автокөлігіне ауыстырмақ болғанын анықтады. Арнайы операция барысында 25 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адам қамауға алынды.

Дерек бойынша, 27 қаңтарда әйел салмағы 3,8 келі баланы дүниеге әкелгені белгілі болды. Қазір үш айлық сәби Астанадағы балалар үйінде. Балалар үйінің қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети