19 желтоқсан 2014 10:32

Астанада кабель ұрлаған топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ivtroika.ru ©ivtroika.ru

Астанада тәртіп сақшылары кабель желілерін ұрлаған үш жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада тәртіп сақшылары кабель желілерін ұрлаған үш жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бейнебақылау камераларына белгісіз біреулердің көшедегі кабельдер жиналатын шұңқырға кіріп жатқаны іліккен. Оқиға орнына келген Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Олар - Астана қаласы мен Ақмола облысының тұрғындары.

"Оқиға орнын тексеру кезінде бірнеше кабель желісінің 70 метрге жуық мыс қабығын аршу жолымен зақымданғаны белгілі болды. Тергеу әрекеттері барысында олардың қолданған құралдары тәркіленді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 175-бабымен ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда салынып жатқан аэробекеттен 700 мың теңгенің кабелі ұрланғаны хабарланған еді. Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері 101 метрлік кабельді алып кеткен жергілікті тұрғынды ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети