18 қараша 2014 16:24

Астанада колледж студентін өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bazzokapenka.com ©bazzokapenka.com

Астанада колледж студенті кісі қолынан өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.


Астанада колледж студенті кісі қолынан өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Астанада тұратын 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен 16 жастағы азаматты ұстады. Бойжеткен бірнеше жері жарақаттанып, қайтыс болды. Мұнымен қатар, күдікті қайтыс болған қыздың анасын да пышақтаған. Күдікті мен зардап шеккен қыздың таныс болғандары анықталды", - деп хабарлады Қылышбекова.

Оқиға 14 қарашада шамамен 19.00-де үйдің кіреберісінде болды. Қызды өлтірген адам Астана колледждерінің бірінде одан бір курс төмен оқыған.

Осы дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды - қамау. Қазіргі уақытта қажетті екі сараптама жасау бекітілді. тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі. ІІД өкілдері кісі өлтірудің мотивтерін хабарламады.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға Балқаш қаласында болған еді. Педагогика колледжінің музыкалық бөлімінде оқитын студент Виктория Шевкунованы 7 қараша күні күндізгі уақытта өлтіріп кетті. Іс материалдарына қарағанда, жігіт оны саябаққа шақырған. Оны адам көп жүрмейтін жерге апарып, қыздың бетіне, мойнына және арқасына пышақ сұққан. Мектеп оқушысының мәйіті сол күні кеште саябақ шетінен табылды. Ол мектеп оқушысын сөз салып жүргеніне қарамағаны үшін өлтіргенін айтып, қылмысын мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети