01 қараша 2016 09:12

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған адам сотта өз ісіне өкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 2016 жылдың тамызында ломбардқа шабуыл жасаған Лерий Сванидже соттағы соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Астанада 2016 жылдың тамызында ломбардқа шабуыл жасаған Лерий Сванидже соттағы соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сотталушының айтуынша, мұндай әрекетке ол қаржылай қиындықтарға түсуіне байланысты жасаған: "Жәбірленушілерден кешірім сұраймын, заңсыздық жасағаным үшін толықтай өкінемін. Кешіруді сұраймын және тағы да кешірім сұраймын. Мұндай жағдайдың болғаны өте қиын. 14 тамызда мен өмірімдегі басты қателікті жасадым, бөтеннің мүлкін алып, мені тығырыққа тіреген проблемаларымды шешемін деп ойладым. Мұндай әрекет жасап, отбасыма көмектесудің орнына, жағдайымды тіпті қиындатып жібердім", - деді Сванидже сотта.


Лерий Сванидзе сот залында. © Тұрар Қазанғапов

"Өмірімде қателік көп жасадым, бірақ менің байлығым бар, олар - отбасым мен ата-анам. Ата-анам егде жастағы адамдар. Анам 69-да, әкем 73-те. Қарттығында тыныштық көреміз деп маған сенген еді. Мен олардың тыныштығын бұзып қана қоймай, қолда барымнан айырылып қалып отырмын. Анам ауырып жатыр. Оларды енді ешқашан көрмеуім мүмкін екенін ойласам, қан жылаймын", - деді сотталушы. Бұдан кейін ол жағдайының нашарлап кеткенін айтып, сөзін тоқтатты.

Ал оның адвокаты Ербол Әбдрахманов соттан істі басқа бапқа ауыстыруды, сол арқылы жеңілірек жазаны сұрағанын мәлімдеді. "Прокурор сұрап отырған жаза тағайындалады деп ойламаймыз. Оның "Қарақшылық" бабынан немесе "Тонау" бабына, ал "Кепіл адамдарды ұстау" бабынан" "Бостандығынан заңсыз айыру" бабына ауыстыруды сұрадық. Бұл баптардың жазасы жеңілірек, сондықтан сот біздің айтқандарымызға құлақ асып, көңілімізге толатын жазаны тағайындайды деп үміттенеміз", - деді қорғаушы. 

 

Тергеудің мәліметінше, 14 тамызда таңғы сағат 08.30-да Астанада ер адам Кенесары көшесіндегі "М-Ломбард" ғимаратына басып кірген. Тапаншамен қорқыту арқылы ол зергерлік бұйымдарды алған, бұл сәтте ол ломбардтың екі қызметкерін іште ұстап, кіреберістегі есікті іштен жауып алған. 

Келіссөздерден кейін ломбард қызметкерлердің бірі босатылды. Ал екінші қызметкер есік бұзылғаннан кейін босатылды. Арнайы операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети