19 маусым 2015 13:36

Астанада өртелген мұғалімнің ісі: Қанат Сәдуов туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Сәдуов. ©Tengrinews.kz Қанат Сәдуов. ©Tengrinews.kz

Астананың ішкі істер департаменті елордада мұғалім әйелді өртеп жіберген Қанат Сәдуов туралы ақпарат берген адамға сыйақы табыс етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астананың ішкі істер департаменті елордада мұғалім әйелді өртеп жіберген Қанат Сәдуов туралы ақпарат берген адамға сыйақы табыс етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана ІІД аса ауыр қылмыс жасаған 30.10.1972, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының тумасы Сәдуов Қанат Ғайсаұлына іздеу жариялайды. Қандай да бір мәлімет пайда болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызды өтінеміз: 8(7172) 71-63-29, 71-60-29, 71-60-22, 71-60-10, 8-747-227-79-40, 8-778-917-05-78. Аты-жөнді жасыруға болады және сыйақы кепілдендірілген", - делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетейік, Сәдуов бір айдан бері іздестіріліп жатыр, алайда әзірше еш нәтиже жоқ. Астана ІІД 1 маусымда бұрынғы әйелін өртеп жіберген ер адамға сипаттама беріп, таратты.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Әйел адамның денесінің 70 пайызын күйік шалды. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Оның артында төрт баласы қалды. Оларды қаза болған әйелдің әпкесі өз қамқорлығына алды. Балалардың ең үлкенінің сыныптастары қазіргі таңда оларға көмек көрсету үшін қаржы жинап жатыр.

Сонымен қатар, ІІД мамандары бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған Қанат Сәдуовтің біраз уақыт ішкі істер органдарында кіші лейтенант болып жұмыс істегенін хабарлады. "Қанат Сәдуов ішкі істер органдарындағы қызметінен 2003 жылы босатылды, ол ІІБ қызметкері жол полициясы инспекторы лауазымының беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылған", - деді департаменттегілер.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети