14 желтоқсан 2014 16:26

Астанада іздеуде жүрген алты қылмыскер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото РИА Новости сайтынан Фото РИА Новости сайтынан

Астанада іздеуде жүрген алты қылмыскер ұсталды. 12-14 желтоқсан күндері жүргізілген "Құқық тәртібі" жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде барлығы 121 қылмыс пен 1500-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада іздеуде жүрген алты қылмыскер ұсталды. 12-14 желтоқсан күндері жүргізілген "Құқық тәртібі" жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде барлығы 121 қылмыс пен 1500-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу шарасы барысында әшкереленген 121 қылмыстың 9-ы әлдеқашан жасалған. Іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды, олардың арасында шетелдіктер бар. Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде Өзбекстанның 1978 жылы туған азаматы қолға түсті. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің мәліметінше, ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын ешқандай құжатсыз, яғни қасақана заңсыз кесіп өткен. Ол ҚР ҚК 330-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бұл бап 500 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Екі тәулік ішінде астаналық полицейлер арнайы қабылдағышқа барлығы 26 шетелдікті қамады.

"Құқық тәртібі" шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының мамандары Қырғызстан азаматшасын да ұстады. Оған Бішкекте алаяқтық және жалған құжат жасау сияқты қылмыстары үшін іздеу жарияланған. Тергеу изоляторына қамалған әйел жуық арада экстрадициялануы мүмкін. Қалалық ішкі істер департаменті мен Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқтығы үшін іздеуде жүрген тағы бір азаматты ұстады, Ақмола облысы тұрғынының әрекетінен астаналықтардың бірі зардап шеккен. 

Шара барысында есірткіге қатысты қылмыстар да тіркелді. Жол-патруль полицейлері Қарағанды бағытындағы "Думан" шебінде Audi S4 автокөлігін тоқтатты, көлік жүргізушісінен 1 грамнан асатын марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, "Саянұр" базарынан бұрын сотталған Астана тұрғыны ұсталды, одан 1,2 грамм героин табылды. Есірткіні заңсыз сақтаған барлығы 10 адам ұсталды. 

Алдын алу шарасы жүргізілген күндері жол қауіпсіздігі ережесін бұзған жүргізушілер де ұсталды. 84 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 150 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тағынбағаны үшін, 133 жүргізуші рульде ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 11 көлікті алкогольден мас күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети