18 қаңтар 2018 17:54

Астанадағы жабылып зорлау оқиғасы бойынша істің мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Астанада 26 жастағы келіншектің зорлануына қатысты істе жаңа деректер жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада 26 жастағы келіншектің зорлануына қатысты істе жаңа деректер жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында сот 26 жастағы ер адамды "Зорлау" бабы бойынша айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сотталушының тарапы үкімге шағым түсіруге ниетті екен. Сот үкімі шыққаннан кейін сотталушының туыстары БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, онда зорлау дерегі болмағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, істе оқиға орнында түсірілген видеожазба бар, оған сарапшы баға берген.

"Сотта видеожазба ұсынылып, оны тәуелсіз сарапшы зерттеді. Видео түсірілу барысында адамдардың бойынан жағымсыз сипаттағы іс-әрекет байқалмаған. Видеодағы тұлғалардың әрекетінде бопсалау, өш алу немесе өміріне нақты қауіп төндіру белгілері болмаған", - деп хабарлады сотталған ер адамның туысы Зиля Садовская. 

Оның мәліметінше, оқиғадан кейін жәбірленуші іс фигуранттарының бірімен бірге тұрған, тіпті өткен жылдың қыркүйегінде олар АХАЖ-ға барып тіркелуді де ойлаған.

Ал мұның алдында зорланған 26 жастағы әйел 2017 жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көргенін мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған. 

"Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім", - деген еді 26 жастағы Саина. 

Секіріп кеткен қыз түрлі жарақат алыпты. Осы оқиға бойынша тергеу басталып, қазір іс сотқа жетті.

"Барлық дәлел бар, дәлел болмаса, сот мұндай шешім шығармас еді. Істің барлық материалын сотқа ұсындым. Екеуі де ісі үшін жауап беруі тиіс. Екінші адамды да тауып, заң бойынша жазалау үшін барымды саламын", - деп мәлімдеді жәбірленуші журналистерге берген сұхбатында.

Жәбірленуші келіншекті қолдап отырған #НеМолчиДетиКZ қоғамдық қорының өкілдері екінші адамның неліктен әлі де ұсталмай жүргеніне аң-таң. Ұйым өкілі Дина Смаилованың айтуынша, екінші ер адам 24 түрлі аккаунттан жәбірленушіге үркітіп, қорқыту мәнінде хабарлама жазған, жала жапқан.

"АХАЖ-ға өтініш беру тұрғысында да мәселемен айналысамыз, мұндай өтініштің қалай табыла кеткенін анықтаймыз. Оған жәбірленушінің қатысы жоқ. Қылмыстық істің материалдарын Желіде жариялау бойынша да арыз түсіреміз, мұнда мәселе видеожазбаның тарап кетуінде болып отыр", - дейді Смаилова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети