06 сәуір 2017 10:05

Астраханда атыс шығарды деген күдікке ілінген қазақстандықтың "нағыз әкесі" сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Ер адамның айтуынша, ол отбасын 25 жыл бұрын тастап кеткен. Сол уақыттан бері ұлымен араласпайды екен.


Ер адамның айтуынша, ол отбасын 25 жыл бұрын тастап кеткен. Сол уақыттан бері ұлымен араласпайды екен.

Жақында ресейлік және қазақстандық БАҚ-тар Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдікпен Атырау облысында ұсталған Әлібек Гизатовтың әкесі берген сұхбатты жариялап тастаған болатын. Содан ер адам ұлының суретін іздеуге жарияланған адамдардың тізімінен алып тастауын сұраған еді. Күдіктінің әкесінің айтуынша, ұлының бұл қылмысқа қатысы жоқ және оның бұған дәлелі бар.

Алайда КТК телеарнасына күдіктінің "нағыз әкесімін" деген ер адам хабарласқан. Ол видеода сұхбат берген ер адамды бірінші рет көріп тұрғанын айтқан. "Мен бұл адамды танымаймын. Ол сұхбат беріп, өзін Әлібек Гизатовтың әкесімін деп таныстырған екен. Органдағылар осы мәліметті тексерсін. Мен жұмыста болдым, яғни, мен сұхбат берген жоқпын. Және де ұлымның кінәлі немесе кінәлі емес екенін де білмеймін", - деді Батырбек Гизатов.

Ер адамның айтуынша, оған жақында полицейлер келіп, ұлы жайлы сұраған. Бірақ Батырбектің де 25 жыл бұрын отбасын тастап, сол уақыттан бері ұлымен сөйлеспегені белгілі болды. Сонымен қатар, ер адам әйелінің ұлын 90-жылдары Ресейге алып кеткенін айтып өтті.

"Мен Әлібек Гизатовтың әкесімін. Онымен 1992 жылдан бері бірге тұрмаймын. Ол Құрманғазы ауданы Галышкино ауылында туып өсті. Ұлым қазір Астраханда тұрып жатыр. Кеше маған ҰҚК адамдары келді. Олар болған жайтты айтып берді. Бірақ мен ұлыммен сөйлесіп жүрген жоқпын, оны көрген де емеспін", - деді ол.

Телеарнаның мәліметінше, Астраханда полицейлерді өлтірді деген айып тағылып жатқан Қазақстан тумасы полицейлерге берілген. Ол Дағыстан тумасы - Ильяс Магомедов. Магомедовтың айтуынша, ол бір қателік кеткендіктен осы тергеуге тартылған.

"Мен Астраханда бірде-бір рет болған жоқпын, не болып жатқанын білмедім. Маған менің күдіктілерді іздеуге арналған бағыттамаларда жүргенімді хабарлады. Содан кейін мен құқық қорғау органдарындағыларға бардым. Олар менің сонда өз еркімен барғанымды көріп таңғалды", - деді Магомедов.

Айта кетейік, ресейлік жедел қызметтегілер полицейлерге шабуыл жасаған сегіз адамды анықтады. Олардың ішінде Қазақстанның үш тумасы бар: Әлібек Гизатов, Ахмед пен Ильяс Магомедовтар. Екі күдікті ұсталды, қалғандарына іздеу жарияланды.

Сондай-ақ, бүгін Астраханға тағы бір шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Онда бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланған еді.

Күдіктілердің суреттері Ресейдің Тергеу комитетінің сайтында жарияланды.


Саспанов Нурбол Рахмедуллаевич


Гизатов Әлібек Батырбекұлы


Тажиков Закир Закбаевич


Кукулаев Рамзан


Маймашев Қадырбай Амангалиұлы


Магомедов Ильяс Курбанович


Магомедов Ахмед Играмудинович

Қазіргі уақытта Қазақстан билігіндегілер Әлібек Гизатовқа қатысты істі тергеу үшін оны ресейлік тарапқа беруді жоспарлап отыр. Ал Ильяс Магомедовтың өтініші бойынша құқық қорғау органдарындағылар ешқандай пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Тергеушілер бұл шабуылға қатысы бар сегіз адамның тұлғасын анықтаған. Олардың екеуі Қазақстан тумалары екені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети