10 тамыз 2015 18:34

Атырау облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© old.vsluh.ru © old.vsluh.ru

Атырау облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы аудандық соты 6 жасар қыз баланы алдап, азғындық әрекет жасаған Кудряшево селосының 30 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. 

"Қылмыстық іс материалдары бойынша, ер адам бүлдіршінге балмұздақ пен сағыз алып беріп, танысының үйінің ауласында орналасқан әжетханаға алдап кіргізген. Сол жерде бүлдіршіннің қорғансыздығын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Ол өз кінәсін толықтай мойындады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігімен (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) айыпты деп танылды. Педофил жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети