14 қараша 2014 13:16

Атырауда Бергей Рысқалиев ісі фигуранттарына үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья. ©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Судья. ©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Бүгін Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен бірқатар шенеунікке қатысты іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс 2012 жылдан бері тергелген болатын. Процесс осы жылдың қаңтарында басталды.


Бүгін Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен бірқатар шенеунікке қатысты іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс 2012 жылдан бері тергелген болатын. Процесс осы жылдың қаңтарында басталды.

Соттың шешімімен экс-мемлекеттік қызметкерлерге жалпы режимде түрлі мерзімде жаза өтеу туралы үкім шығарылды. Атыраудың бұрынғы әкімі Асқар Керімов кінәлі деп танылып, үш жылға сотталды. Келесі бір бап бойынша ол ақталды. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіровке мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сонымен бірге, оған жеті жыл ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукеновке мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айыру және басшылық қызметті атқару құқығынан алты жылға айыру туралы үкім шығарылды. Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Кенжебековке жалпы режимдегі колонияда алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Бұрын облыстық энергетика басқармасын басқарған Бауыржан Жайсаңовқа жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу туралы үкім шығарылды. Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасар Ибрагим Әміров төрт жыл жаза алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Еске сала кетейік, бұл іс бойынша 22 адам сотталған еді. Олар әкімнің бұрынғы орынбасарлары, лауазымды тұлғалар мен жеке ұйым басшылары. Бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендер ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталып отыр: "Ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған жетекшілік ету немесе оған қатысу", "Қызметтік жалғандық", "Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану", "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен талан-таражға салу", "Заңсыз жолмен табылған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру", "Жалған кәсіпкерлік". 

Тергеудің мәліметінше, Бергей Рысқалиев облыс басшысы болған кезде мемлекеттік қызметке қарсы ауыр жемқорлық қылмыстарын жасап, мемлекеттің аса ірі көлемдегі қаражатын бірнеше рет жымқырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 70 миллиард теңгеден астам шығын келді.

Бұған дейін сотта тараптарды қатар тыңдау кезінде мемлекеттік айыптаушы іс фигуранттарына 8 жылдан 18 жылға дейін жаза беруді сұраған еді. Ең үлкен жаза мерзімі - 18 жылды - Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукеновке беру керектігі айтылды. Айыптаушы облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіровке 15 жыл, Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімовке, облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан Кенжебеков пен энергетика басқармасының бастығы Бауыржан Жайсаңовқа 14 жыл, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Ибрагим Әміровке 10 жыл, облыстық қаржы басқармасының бастығы Бауыржан Жантеміровке сегіз жыл жаза беруді сұрады. Мемлекеттік айыптаушылар шамамен осындай мерзімдегі жазаны мердігерлерге де белгілеуді сұрады.

Атырау соты Бергей Рысқалиевті тұтқындауға 2013 жылдың басында санкция берді. Бірақ ағайынды Бергей мен Аманжан Рысқалиевтердің қай жерде бой тасалап жүргені әлі белгісіз.

Айта кетейік, 2012 жылдың 16 тамызында Мемлекет басшысының жарлығымен Бергей Рысқалиев денсаулығына байланысты Атырау облысының әкімі қызметінен босатылған болатын. Ол өңірді 2006 жылдың қазанына дейін басқарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети