22 шілде 2015 10:05

Атырауда қалалық ІІБ ғимаратын "жарып жібермек" болған әйелге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Атырауда қалалық ІІБ ғимаратын "жарып жібермек" болған әйелге жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда қалалық ІІБ ғимаратын "жарып жібермек" болған әйелге жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында Атырауда телефон арқылы қалалық ІІБ ғимаратында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама берген әйелдің Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны Мосунова екені анықталды. Ол ҚР ҚК 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

"Жазаны орындау 5 жылға кейін қалдырылды, себебі оның баласы 14 жасқа толмаған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда мас әйелдің қалалық ІІБ ғимаратын "жарып жібермек" болғаны хабарланған еді. Оқиға 6 мамырда болды, ғимараттан 100-ден астам адам эвакуацияланды. Дегенмен, ғимараттан жарылғыш зат табылмады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети