09 мамыр 2015 21:37

Атырауда мас әйел қалалық ІІБ ғимаратын "жарып жібермек" болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Атырауда телефон арқылы қалалық ІІБ ғимаратында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама берген әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Оқиға 6 мамырда болса да, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.


Атырауда телефон арқылы қалалық ІІБ ғимаратында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама берген әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Оқиға 6 мамырда болса да, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Ғимараттан 100-ден астам адам эвакуацияланды. Дегенмен, ғимараттан жарылғыш зат табылмады. Құқық қорғау органдары телефон терроризмімен айналысты деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. "Ол өз кінәсән мойындады. Әйелдің айтуынша, телефон соққан кезде ол мас болған. Қазір әйел уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы екі жерде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат таратты деген күдікпен 1993 жылы туылған азаматты ұстағаны хабарланған болатын. "2015 жылдың 21 сәуірінде кешкі уақытта Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының "102" тетігіне 30 минуттың ішінде Облыстық жүйке аурулары ауруханасында және "Ауыл-Береке" базарында жарылғыш зат орналастырылған деген екі жалған хабар келіп түсті", - делінген баспасөз хабарламасында. Көрсетілген аумақтарды полиция қызметкерлерімен қарау барысында жарылғыш заттар табылмады. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның "Террорлық акт жайлы жалған ақпар тарату туралы" 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети