09 маусым 2015 18:13

Атышулы видеороликтегі "ҰҚК капитаны" бұрынғы әйелін аңдығаны үшін бір тәулікке қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube кадры ©YouTube кадры

Атышулы роликте өзін ҰҚК капитаны деп таныстырған ер адам бұрынғы әйелі Татьяна Суевалованы аңдығаны үшін бір тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Алматы тұрғыны Аян Байділданов жүргізушіні ұрып-соғып, өзін "ҰҚК капитанымын" деп таныстырғаны бейнеленген ролик Интернетке жарияланғаннан кейін танымал болған еді.

Оны қамауға алу туралы қаулыны мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты алдын алу хатын бұзғаны үшін, яғни Суеваловаға жақындамау, онымен ауызша сөйлесуге, телефон арқылы сөйлесуге салынған тыйымды бұзғаны үшін шығарды. Мұндай алдын алу хатын шығаруға 2015 жылдың 3 маусымында ұрып-соғу туралы арыз себеп болған. "Алдын алу хатын бұзу" бабы бойынша ол 8 маусымда кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, ол Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі істер басқармасына әр сейсенбі сайын профилактикалық әңгімелесуге үш ай бойы барып тұруға міндеттелді.  

Соттың баспасөз өкілдерінің айтуынша, 2015 жылдың 4 маусымында Байділданов Суевалова тұратын үйге келеді. Әйелдің пікірінше, ол мас болған және оны айқайлап, қорлаған. Ер адам мас болғанын мойындады, бірақ қорламағанын айтып отыр. Оның айтуынша, ол бес айлық қызымен көріскісі келген, алайда бұрынғы әйелі оған рұқсат бермеген. Осы үшін телефон арқылы сөйлескенде дауыс көтерілген.

Әйел сұхбат беріп, онда "ҰҚК капитанының" оның шашынан тартқаны және қызына жақындамау туралы шағымнан бас тартуын сұрағанын айтты. Ал ер адам бұл істі жасамағанын айтады.

Еске салайық, Байбілданов 19 мамырда өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, ер адамды қорлап, ұрып-соққан болатын. Бұл әрекеті көліктегі видеотіркеу камерасына түсіп қалған. Кейін Байділданов жапа шегушіден кешірім сұрайды. Ал жәбірленуші полицияға арызданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети