19 қаңтар 2018 10:50

Автобус апатынан аман қалған бес адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет Куәгерлер жолдаған сурет

Ақтөбе облысындағы 52 өзбек азаматы мерт болған автобуста өрттің нақты неден шыққаны бүгін белгілі болады. Ал автобус апатынан аман қалған бес адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 18 қаңтарда Ақтөбеде өткен брифинг барысында Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.


Ақтөбе облысындағы 52 өзбек азаматы мерт болған автобуста өрттің нақты неден шыққаны бүгін белгілі болады. Ал автобус апатынан аман қалған бес адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 18 қаңтарда Ақтөбеде өткен брифинг барысында Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

"Мәйіттерді көзбен тану мүмкін емес. Сондықтан олар Ақтөбе мәйітханасына жеткізіліп, сол жерде анықталады. Салон автобусы да толық өртеніп кеткен. Сол себепті сот медицинасы мен өзге де мамандарды осы іске тарттық. Өрт-техникалық зертхана жұмыс істеп жатыр. Жұмыстың көптігіне байланысты күндізгі уақытта үлгермеді, түнде жалғасады. Ертең таңғысын немесе түске дейін өртену себебі анықталады деген үміттеміз", - деді ол кеше, 18 қаңтарда өткен брифингте. 

Сонымен қатар, Тұрғымбаев болған оқиғаны қайғылы жағдай деп атады және адамдар неге сыртқа шыға алмағанын айтып берді. 

"Жол-көлік оқиғасы болмағанын ерекше атап өткім келеді. Автобус жол шетінде техникалық жағдайы дұрыс күйде тұрған. Ешқандай қылмыстық жағдай анықтамадық. Яғни, қайғылы жағдай. Тірі қалған бес адамның алдын ала көрсетпесі бойынша, өрт салоннан шыққан. Алдымен ащы түтін тарағандықтан көпшілік уланып қалған, барлығы неге аман қалмағанының бірінші себебі осы. Екінші - есік ашылғанда салонға оттегі кіріп, өрт лап ете қалған. Автобус екі деңгейлі болған, жоғарыда адамдар, ал бірінші деңгейде жүктер жатқан. Жүк толық өртеніп кеткен, яғни, жалын қатты болған", - дейді министрдің орынбасары. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети