20 сәуір 2015 20:59

Әйелінің басын кесіп алған павлодарлық тұрғын сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.TV ©Tengrinews.TV

Павлодар тұрғыны әйелінің басын кесіп алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар тұрғыны әйелінің басын кесіп алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодардың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 42 жастағы ер адамды азаматтық некедегі әйелінің өліміне кінәлі деп таныды. "Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, 39 жастағы әйелін қызғаныштан өлтіргенін айтты. Одан кейін оның денесін майдалап турап, Павлодардағы көпірлердің бірінің астына тастаған", - деп хабарлады полицейлер. 

Қазіргі уақытта марқұмның денесінің қалған бөлшектері табылмады. Еске салайық, автожол көпірінің астында әйел адамның басы 2013 жылы табылған еді. Бұл жайында тәртіп сақшыларына қаладағы қаңғыбастардың бірі хабарлады. Кейін полицейлер қаза тапқан әйелдің аты-жөнін анықтады. Өз қыздарын басы арқылы таныған ата-ана оның күйеуімен бірге бөлек тұрып жатқанын және оқиғадан бір ай бұрын жоғалып кеткенін мәлімдеген. Қылмысын жасағаннан кейін ер адам полициядан бір жылдам аса уақыт жасырынып жүрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети