26 қаңтар 2015 16:03

Айыпталушы Виктория Ганяны өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганя. ©Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі Виктория Ганя. ©Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жеті жастағы Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған азамат қылмысын мойындады, - деп хабарлайды "Наша газета". Айта кетейік, Виктория Ганя 2014 жылы көктемде қаза тапты. Айыпталушы 31 жастағы Қостанай тұрғыны Денис Лесниковқа кіштентай қыздан бөлек тағы үш адамды өлтірді және бірнеше рет ұрлық жасады деген де айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол басқа қылмыстарды 2012 жылы жасаған.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 26 қаңтарда жабық түрде өткен процесте айыпталушы жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін және скутерлерді ұрлағанын мойындады, бірақ қалған айыптармен келіскен жоқ. Сонымен қатар, Лесников сот тағайындап берген қорғаушы Галина Малыхтың қызметінен бас тарту туралы өтініш білдірді. Ол оның себебін қорғаушының тергеу изоляторына бір рет те келіп онымен кездеспегенімен түсіндірді. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қорғаушы бұл уақыттың ішінде қылмыстық істі зерттеген, сондықтан оның сотталушымен кездесуге уақыты болмаған. Сот сотталушы мен қорғаушының дәлелдерін тыңдап, өтінішті қабылдамай тастады.

Еске сала кетейік, Виктория Ганя Рудный қаласында сәуір айының аяғында жоғалып кеткен еді. Бір айдан кейін оның зорлық белгілері бар өлі денесі қала сыртынан табылды. Кейін полиция оның өліміне күдікті 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжов екенін хабарлады. Ол 18 шілдеде тұтқындалды. Сол кезде прокуратура өкілдері оның кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Кейін прокуратура қыздың өліміне басқа бір адамның күдікті екенін мәлімдеді. Бастапқыда ол ұрлық жасады деп айыпталған, кейін жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін айтқан. Ол 2011-2014 жылдар аралығында бес ұрлық жасаған, кәмелет жасқа толмаған баланы ұрлап, екі баланы зорлаған және төрт кісіні өлтірген. Оған қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети