06 қыркүйек 2016 10:22

Бақытбек Есентаевтың соты өтетін күн белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытбек Есентаевқа қатысты алдын ала сот тыңдауы 14 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Бақытбек Есентаевқа қатысты алдын ала сот тыңдауы 14 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Іс Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне алынды. "Сот отырысы Қаскелеңдегі Қарасай аудандық сотының ғимаратында өтеді. Істі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ләззат Ільясова қарайды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Есентаевтың ісі сотқа 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігінің 10-пункті, 120-баптың 1-бөлігі, 121-баптың 1-бөлігі бойынша берілгені белгілі. 

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети