15 желтоқсан 2017 12:14

Балаларымның өліміне қатысым жоқ - Алматыда өлтірілген егіз баланың шешесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген егіз баланың анасы Алла Волченко істі қылмыс жасауға оқталу бабынан қылмыс туралы хабарламау бабына ауыстыруын сұрады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Алматыда өлтірілген егіз баланың анасы Алла Волченко істі қылмыс жасауға оқталу бабынан қылмыс туралы хабарламау бабына ауыстыруын сұрады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

"Сіздерден тергеу шараларының заңсыз жүргізілгеніне назар аударуларыңызды сұраймын. Мен бірінші берген түсінігімде мас болдым. Маған қысым көрсетілді. Алкогольдің бар-жоғын анықтау үшін сараптамаға жібердік. Тергеу менің кінәмді дәлелдеген жоқ. Сізден осы істі қылмыс туралы хабарламау бабына ауыстыруды сұраймын. Балаларымның өліміне қатысым жоқ", - деді Алла Волченко.

Әйелдің адвокаты соттан оны ақтап шығуын сұрады.

Өз кезегінде өлтірілген егіз баланың әкесі Эмиль Гильмутдинов оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

"Кінәмді толықтай мойындаймын және өкінемін", - деді Эмиль Гильмутдинов 

Осыған дейін  егіз баланы өлтірген өзбекстандықтың өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған еді. "Гильмутдиновты айыпты деп танып, оны мүлкін тәркілей отырып, төтенше қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесіне өмір бойына бас бостандығынан айыруды және Волченконы айыпты деп танып, оған жаза ретінде барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесіне мүлкін тәркілемей 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деп мәлімдеген еді мемлекеттік айыптаушы Расул Есдәулетов. 

Сондай-ақ, мұның алдында өлтірілген балалардың шешесі тұңғыш ұлының оны жақсы көретінін айқан болатын.

"Сіздерден кәмелетке толмаған ұлым Равиль Гильмутдиновтің менен қорқатынын немесе қорықпайтынын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындауды сұраймын. Мен туралы мінездемені іске қоссаңыздар деймін. Әрмен қарай мені ата-ана құқығынан айыруға қарсы өтініш жазғым келеді және мен тұңғышымды да, өлтірілген қалған балаларымды да жақсы көрдім", - деді Алла Волченко сот залында. 

Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, іс материалын зерттеуге көшті.

Мұның алдында Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети