12 қыркүйек 2016 15:26

Баласын өртеу ісі бойынша: жоғарғы қабатта тұратын қыз газдың иісіне уланып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otravlenym.ru © otravlenym.ru

Қарағанды облысы Приозерск қаласының 49 жастағы тұрғыны өзіне және сегіз жастағы баласына бензин құйып, өртеп жіберген үйдің жоғарғы қабатында тұратын қыз газ иісіне уланып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысы Приозерск қаласының 49 жастағы тұрғыны өзіне және сегіз жастағы баласына бензин құйып, өртеп жіберген үйдің жоғарғы қабатында тұратын қыз газ иісіне уланып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 Айта кетейік, оның сегіз жастағы баласы алған жарақатынан көз жұмған, ал өзі ауруханаға жеткізілген. Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері алдын ала мәліметтер бойынша, газдың иісінен жоғары қабатта тұратын екі адам қаза тапқаны туралы мәлімдеген болатын.

Жоғарғы қабатта тұратын қыз газ иісіне уланып, қайтыс болған, ал оның анасы ресейлік авиациялық госпитальға жеткізілген. 

"Ер адам бірінші бізге жеткізілді. Оның денесінің 90 пайызы күйіп қалған. Оның жағдайы өте ауыр. Біз оны жедел түрде Балқаш ауруханасына ауыстырдық. Ер адамнан бөлек ресейлік авиациялық госпитальға оның көршісі түскен. Ол әйелдің де жағдайы өте ауыр деп бағаланады", - дейді Приозерск ауруханасының директоры Нұрлан Шағыров.

Осыған дейін, Приозерск қаласының кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша қозғалғаны хабарланған. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети