14 қараша 2014 13:23

Балқашта мектеп оқушысын қатыгездікпен өлтірген студент тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Станислав Ким. ©Әлеуметтік желі Станислав Ким. ©Әлеуметтік желі

Балқашта 14 жастағы мектеп оқушысын қатыгездікпен өлтірген студент тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Балқаш қалалық сотының судьясы Нұргүл Берлікешоваға сілтеме жасап.


Балқашта 14 жастағы мектеп оқушысын қатыгездікпен өлтірген студент тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Балқаш қалалық сотының судьясы Нұргүл Берлікешоваға сілтеме жасап.

8-сыныптағы қызды өлтірген 19 жастағы Станислав Ким Балқаштағы университеттің педагогика факультеті музыка бөлімінің студенті әрі вокал әншісі болып шықты. Іс материалдарында оның қалада қайырымдылық концерттерін жиі беріп тұратыны, шығармашылықты оқуымен қатар алып жүргендігі айтылады.

"Күдікті кісі өлтіруге өзін-өзі ұстай алмайтын, қатты толқып тұрғанда жағдайда және агрессия нәтижесінде барды деген версияның болғандығы себепті, психологиялық-психиатрлық сараптама белгіленді. Сарапшы дәрігерлер оның сол уақытта адам өлтіріп жатқанын түсініп, өз ісіне есеп бере алатын жағдайда болған-болмағанын анықтайды", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Ким 14 жастағы қызды өлтіргенін мойындағанын, бірақ өз ісіне жауап бере алмайтын жағдайда болғанын айтып, сот алдына шығудан бас тартқан. Еске сала кетейік, күдікті Виктория Шевкунованы 7 қараша күні күндізгі уақытта өлтірді. Іс материалдарына қарағанда, жігіт оны саябаққа шақырған. Оны адам көп жүрмейтін жерге апарып, қыздың бетіне, мойнына және арқасына пышақ сұққан. Мектеп оқушысының мәйіті сол күні кеште саябақ шетінен табылды. Станислав мектеп оқушысын сөз салып жүргеніне қарамағаны үшін өлтіргенін айтып, қылмысын мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети