28 ақпан 2014 14:30

Барох Питер "Қашаған" жобасында топ-менеджер болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барох Питер сотта. ©Mgorod.kz Барох Питер сотта. ©Mgorod.kz

Оралда жасөспірім қыздарды азғындыққа салды деген күдікпен ұсталып, айыпталып отырған Ұлыбритания азаматы Барох Питер "Қашаған" жобасында үздік топ-менеджерлердің бірі болған, бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы оның бұрынғы әріптестерінің біріне сілтеме жасап хабарлайды. Питердің ENI Agip жобасы бойынша бұрынғы әріптесі Шыңғыстың айтуынша, ұлыбританиялық азамат Атырауға 2009 жылдың қазан айында "Қашаған" жер беті кешенінің техника супервайзері болып жұмысқа келген. Ол жоба операторларының бірі әрі инвесторы Shell компаниясының мүддесі үшін қызмет етті. "Келген уақытынан 2012 жылдың сәуіріне дейін ол қалада, "Ренессанс" және "Шағала" отельдерінде тұрды. Ол тұйық өмір салтын ұстанды, ешкімнің назарына ілікпеуге тырысты, оның сондай әдеті бар екенін ешкім білген жоқ. Ол әйелдермен кездесіп тұрмайтын, біз, тіпті, оны дәстүрлі емес ориентация өкілі деп ойлаған кезіміз болды", - дейді Шыңғыс. Шыңғыстың айтуынша, "Қашаған" жобасында Питердің деңгейіндегі менеджерлер үстемеақыны қосқанда 35-40 мың долларға жуық жалақы алатын. "2012 жылдың мамырында ол аяқастынан жұмыстан шығып кетті. Бұл жайт қызық көрінді - біздің жобаны өз еркімен тастап кететін шетелдіктер өте аз. Бұл қадамды енді ғана түсініп жатырмыз - сол кезде оны Қарабатанға, Самал вахталық поселкесіне ауыстырған, оған дейін ол қалада тұрды, емін-еркін жүретін. Жобадан кетуіне қарағанда жабық поселкеде тұру оған ыңғайсыз болған-ау деймін", - дейді Шыңғыс. Еске сала кетейік, 2014 жылдың 14 қаңтарында 38 жастағы Барох Питердің үстінен полицияға шағым түскен еді. 2001 жылы туған қыз баланың анасы бір ер адамның өз қызын жалаңаш күйде видеоға түсіргенін айтқан. Құқық қорғау органы қызметкерлері ұлыбританиялықты "Шағала" қонақүйінде заттай айғақпен ұстады. Деректі тергеу барысында шетелдіктің әрекетіне қатысты тағы жеті ата-ана шағымданды. Олар - Атырау облысының тұрғындары. Жасөспірімдердің порнографиялық бейнелерін жасап, таратқаны және кәмелетке толмағандарды бірнеше мәрте теріс жолға салғаны үшін оның үстінен екі қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети