29 қаңтар 2014 18:13

Батыс Қазақстанда пара алған үш полицей ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облысында екі полицей пара алғаны үшін тұтқындалды деп хабарлайды облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Құрақов, Шуақбаев, Ескендіров деген тәртіп сақшылары банк менеджерінен 700 мың теңге көлемінде пара алған. Шағымданушы қаржы полициясы департаментіне арызданып, қаңтардың 13-і күні несиені заңсыз бергені үшін өзін ішкі істер қызметкерлерінің ұстағанын айтқан. Сол күні аталған үш полицей одан өз кінәсін мойындап келу туралы қағазы мен мойындау жауабын тартып алып, тергеу изоляторына жатқызамыз деп қорқытқан. 1 млн теңге берсе, материалды тіркеуге алмай, қылмыстық жауапкершіліктен босататынын айтқан. Полицейлер жәбірленушіден ақыры 700 мың теңге көлемінде пара алады. Параның 300 мың теңгесі қаңтардың 24-і күні берілген. Дәл осы күні жемқор полицейлер қолға түсті. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы бойынша іс қозғалды, сонымен бірге, Құрақовқа парақорлыққа делдал болғаны үшін тағы бір айып тағылды. 27 қаңтар күні соттың санкциясымен Шуақбаев пен Ескендіров тұтқынға алынды, Құрақовқа қатысты үй қамауында ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети