25 тамыз 2021 11:59

Батыс Қазақстандағы арнайы операция: үш марихуана плантациясы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстанның батысында үш марихуана плантациясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның батысында үш марихуана плантациясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетін әшкереледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталған. 

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан аса марихуана, 7 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленген. Сонымен қатар, тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

 "ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін жедел жұмыс жүргізілді. Күдіктілердің есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелер алынды, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөлуі анықталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети