24 қыркүйек 2014 12:12

Бауыржан Әбдішевке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Әбдішев. ©Тengrinews.kz Бауыржан Әбдішев. ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

"Кеше Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішевке қатысты қызметтік өкілеттікті теріс пайдаланып, ауыр салдарға соқтыру деректері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Ол кеше қылмыстық іс қозғау туралы қаулымен танысты және 132-баптың тәртібі бойынша күдікті ретінде ұсталды", - деді Қожамжаров Парламент Мәжілісінде журналистерге.

Ол 78 сағат өткеннен кейін Әбдішевке айып тағылатынын, кейін бұлтартпау шарасы қолданылатынын айтты.

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің ұсталғаны кеше мәлім болған еді. Бұрынғы шенеунікке қызметтік өкілеттікті теріс пайдаланды деген күдік келіп отыр. Оған мемлекеттік жер телімдерін заңсыз бөлді деген кінә артылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети