14 қыркүйек 2015 17:52

Байқоңырда екі ер адам бір топ жасқа оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Wizardvarnish.com © Wizardvarnish.com

Байқоңырда екі ер адам тегіс ұңғылы қарудан бір топ жасқа оқ жаудырды, - деп хабарлайды "Блокнот". Оқиғаның салдарынан бір оқушы қаза тауып, үш студент жарақат алды.


Байқоңырда екі ер адам тегіс ұңғылы қарудан бір топ жасқа оқ жаудырды, - деп хабарлайды "Блокнот". Оқиғаның салдарынан бір оқушы қаза тауып, үш студент жарақат алды.

Оқиға 12 қыркүйек күні түнде болды. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, ер адамдар кемі жеті рет оқ атқан. 1999 жылғы оқушы жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. 1991, 1992 және 1997 жылғы тағы үш студентке оқ тиді. Олардың екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Полиция күдіктілерді анықтады, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РФ Тергеу комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне осы дерекке сәйкес "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети